Алматы-Ереван әуе рейсі іске қосылады

0
162
Fly Arystan ұшағы.

Қазақстандық “Fly Arystan” әуе компаниясы 2 маусымынан бастап Алматы – Ереван бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) Арменияға тұрақты рейстерді орындауды жоспарлауда. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А320 типті әуе кемелерінде орындалмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз