Алматыдағы өрт салдарынан бір әйел қаза тапты

0
121
photo: almaty.tv

Алматыдағы 16 қабатты «Ақкент» тұрғын үйіндегі ірі өрттің салдарынан 1 адам қайтыс болып, 37 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Зардап шеккендердің ішінде – 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатқызудан бас тартты.

Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.

Айта кетейік, Алматыдағы тұрғын үйде 1 тамыз күні түстен кейін өрт шықты. Өрттен қашқан кейбір тұрғындар терезеден және қылтимадан (балкон) секіруге мәжбүр болған. Желіде кейбір тұрғындардың баласын қылтимадан лақтырған видеосы да тарады. Одан кейін уақыттың тығыздығына және құтқарушылардың үлгермей жатқанына байланысты тұрғындар да үйден секіріп бастаған. Осындай жағдайлардың бірінде ауыр жарақат алған әйел адам қайтыс болды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша 16-қабатты үйдің 5-қабатындағы кабельдік шахтада электр кабельдері  80 шаршы метр алаңда ашық жалынмен жанған. Оқиға орнынан 80 адам құтқарылып, оның ішінде 35 адам құтқару қалпақтар арқылы, қалған тұрғындар арнайы техниканың көмегімен, 200 адам эвакуацияланған. Сағат 17:00 шамасында басталған өрт, ТЖД мәліметі бойынша сағат 18.46-да сөндірілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз