Оралу Аймақ Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылды

Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылды

0
174
фото: inform.kz

Қарағанды облысында Борлы кен орнында катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыттың ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба Қазақстан мен Иран арасындағы тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық аясында іске асырылған. Жаңа зауыттың жобалық қуаты жылына 5 мың тонна катодты мыс құрайды. Сондай-ақ, кәсіпорында 140 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Катодты мыс SX-EW технологиясы бойынша мысты металл қалыптамасына тұндыру арқылы өндіріледі. Мыс катодтары M00k маркасына сәйкес келетін жоғары тазалық пен сапаға ие.

Бұл заманауи технология елімізде кейінгі онжылдықта қолданыла бастаған. Ол зауыттар салуға үлкен шығынды қажет етпейді. Бұдан бөлек, металлургиядағы ең экологиялық таза әдіс болып табылады.

Жыл сайын өндірістік қуаттылықтардың жеткіліксіз көлеміне байланысты Қазақстан мыс концентратының шамамен 30%  (966 мың тонна) шетелге экспорттайды. Ал, жаңа кәсіпорындардың ашылуы мыс концентратын ел ішінде барынша қайта өңдеуге мүмкіндік беріп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз