Қарағандыда пәтер өртеніп, 13 адам құтқарылды

0
56
Қарағанды қаласы. Октябрь ауданы.

4 ақпан түнде Қарағандының Октябрь ауданындағы 15-ықшам ауданы, 37-үйдің жетінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Құтқарушылар тілсіз жаудан 13 адамды аман алып қалды, оның жетеуі – бала. Бұл туралы Қарағанды қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт орнына келген бойда үйдің кіреберісінде қатты байқалған.  Өрт сөндірушілер барлық пәтерлерде барлау жүргізген. Өрт шыққан пәтерден 27 литрлік газ балон тысқа шығарылды. Сағат 22: 43 -те өрт толыққанды сөндірілді. 2 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі ағаш едендер, үй заттары, жиһаз, терезе блогының, пластик жылыту құбыры жанған өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метр.  

Құтқару қалпағы мен автосаты арқылы 13 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылды. Өрт орнынан балалар ауруханасына бақылау үшін 2011, 2014, 2018 жылы туған үш бала жеткізілді. Қазір балалардың жағдайы қалыпты.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз