Атыраулық азамат «бомба» туралы хабарламасы үшін психиатриялық стационарға жатқызылды

0
14

Атырау қаласында 27 жастағы қала тұрғыны анасының ұялы телефоны арқылы “102” нөміріне мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берген.

27 жастағы азаматтың терроризм актісі туралы жалған хабарламасынан кейін оқиға орнын тексеру барысында ешқандай жарылғыш құралдың жоқтығы анықталған.

Күдіктінің анасы, заңды өкілі ретінде сот отырысында баласының ауыратынын, оқиға болған күні ауруханадан екпе алып, жай-күйі нашарлағанын айтқан. Сонымен қатар 27 жастағы азаматтың қайда телефон соққанын білмейтінін, бұрын да дәл осындай жағдай болғанын, аталған азаматқа амбулаториялық емдеуді тағайындауды сұраған.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай аталған азамат “Параноидты шизофрения үздіксіз ағын түрі, тұрақты ақаумен” созылмалы психикалық бұзылуымен ауыратыны расталған. Күдікті қылмыстық кодекстің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз