Қазақстан қалаларында газ баллоны қанша тұрады?

0
135
photo: Pixabay

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның аймақтарындағы газ баллон бағасымен бөлісті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қонаев қаласының тұрғындары сұйытылған газ үшін ең көп ақша жұмсайтын болып шықты. Онда газдың 50 литрі 4600 теңгеден.

Сонымен қатар көгілдір отын Қарағанды ( 4380 тг), Алматы (4000 тг), Семей (3886 тг), Өскемен (3733 тг) және Көкшетау( 3177 тг) қалаларының тұрғындары үшін қымбатырақ.

Газ баллонының ең арзаны Қызылордада – 50 литрі 2500 теңге. Басқа қалаларда баға 2700-3000 теңге аралығында.

Айта кетейік, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалалары бойынша деректер жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз