Қазгидромет апта соңына арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
144
Көрнекі сурет. Photo: zhambylatameken.kz

Қазгидромет орталығы Қазақстандағы 23-25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Демалыс күндері ауа-райы құбылмалы болады. Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келеді. Бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әкеледі.

Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ғана ауа температурасының төмендеуіне әкеліп соқтыратын солтүстік циклон жырасы әсер етеді.

Бірақ фронтальді жүйелер елдің барлық аймақтарына ықпалын жалғастырады. Яғни, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз