Қазгидромет қазақстандықтарға дауылды ескерту жариялады

0
180

Қазгидромет орталығы 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеоролог мамандардың хабарлауынша елдің көптеген бөлігінде қалың тұман, бұрқасын жел және көктайғақ күтіледі. 

15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын жел күтіледі. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, облыстың шығысында, оңтүстік шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжайды.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с күтіледі.

15 ақпанда Қарағанды облысында күндіз солтүстігінде және шығысында бұрқасын жел күтіледі. Оңтүстік-батыспен батыстан жел соғып, түнде басым бөлігінде, ал күндіз облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында да бұрқасын жел күтіледі. Ал Жезқазған қаласында 15 ақпанда батыстан жел соғып, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

15 ақпанда Ақтөбе облысының онтүстік-батысында тұман күтіледі. Бұдан бөлек Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде және таңертең таулы аудандарда күші 15-20, екпіні 23 м/с болады деп болжануда.

  • Шымкент: 15 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
  • Түркістан: 15 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

15 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз