Қазгидромет желтоқсан айының басына арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
515

Қазгидромет хабарлауы бойынша 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығады.

Суық антициклон орнына Қара теңіз аудандарынан жылы циклон келеді. Онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын жел, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 жылу, оңтүстікте 10-15 жылу, Түркістан облысында 20 жылуға дейін көтеріледі. Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысып, онымен температураның аздап төмендеуі күтіледі. Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз