22 маусымда Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков Facebook парақшасында қызметінен кеткенін хабарлады.

“Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаңтар оқиғасы және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті”, – деп жазды Болат Жұмабеков.

49 жастағы Болат Жұмабеков 2019 жылы 12 сәуірде Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалған. Ол Петропавл қаласының әкімі болғанға дейін Қызылжар ауданын, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданын басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз