Шымкентте көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады

0
134
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов

15 ақпан күні Шымкенттегі “Түркістан” сарайында 2018 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесу өтті. Жиынға ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, Шымкент қаласы мәслихатының депуттаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл туралы RGmedia.kz агенттігі хабарлады.

Есепті кездесуде қала әкімі көпбалалы аналарға көптеген жеңілдіктер қарастырылығанын айтты. Мысалы, Шымкентте көп балалы аналарға арнайы Орталық ашылады. Онда тек көп балалы аналар әкімдіктің барлық қызметіне қол жеткізе алады. Сонымен қатар, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға жылына бір берілетін көмек көлемі 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін артып, бұл қаржы келесі оқу жылына дайындық үшін тамыз айында беріледі.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көп балалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте ТЕГІН жүре алады. Бұл аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын! Жолаушылар көлігі басқармасына осы тапсырманы орындағандары үшін алғыс айтамын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компаниялары осы бағыттағы шығындарына СУБСИДИЯ ретінде қаржы бөлеміз, – деді шаһар басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз