Солтүстік Қазақстанда өлі сиыр етін жеген адамдар қауіпті ауруға шалдықты

0
94

Қазақстанның солтүстігінде сібір жарасының ошағы тіркелді. Салдарынан 10 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы mir24.tv хабарлады Ақмола облысы ветеринария басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында болған. Аталған аурудан жергілікті шаруашылықта барлығы 37 бас ірі қара өлген. Олардың еттері ауыл тұрғындарына таратылыпты. Салдарынан 12 адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Олардың онында диагноз расталды.

Науқастардың барлығы қазір Есіл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, мамандар науқастармен байланыста болған 22 адамды анықтады.

Ақпарат үшін айта кетейік, осы аурумен ауырған жануар болса, оны сою нәтижесінде капсула күйіндегі микроб оттегі ортасына бөлініп, өте төзімді спора түзеді. Оны топырақта 100 жылға дейін сақтауға болады. Адамдарда ол дене қызуының 41-42 градусқа дейін көтерілуі, тыныс алу мен жүрек соғысының жиілеуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылуы және қан кету секілді ауруларға алып келуі мүмкін.

Бұдан бөлек, осыдан бірнеше апта бұрын Ресейдің Воронеж облысында да сібір жарасы ауруы анықталған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз