Түркістан облысында мас күйінде балаларын сабаған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
4 қазан күні әлеуметтік желіде ер адамның өз балаларын мас күйінде ұрып-соққан видеолары тарады. Видеода ер адам екі ұлына айқайлап, жұлқылап және шапалақпен бірнеше рет соққы береді. Дәл осы мезетте әйелі, күйеуінің соққысынан аузы қанаған үш жасар баласын жұбатып отырып жасырын видеоға түсіруден басқа амалы қалмаған.
Жәбірленуші Махаббат Сәдуақасқызы мен айыпталушы Даурбаев Ержан 2011 жылдан бері некеде. Олардың үш ұлы бар. Үлкені 9, ортаншысы 7, кішісі 3 жаста. Осы күнге дейін Махаббат Сәдуақасқызы полицияға екі рет арызданған, алайда ешқандай нәтиже шықпаған. Күйеуі қорқытып арызын қайтарғызып алған.
Аталған жайт Қазығұрт АПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі “Азаптау” бойынша тіркелген. Жергілікті полиция қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіп жатқанын хабарлады. Сараптама тағайындалған. Ер адам қамауға алынған.