Кинотеатрлардың қайта ашылуы үшін онлайн петиция дайындалып жатыр

0
190

Қазақстанда кинотеатрлардың қайта ашылуы үшін кинематография өкілдері және басқа да азаматтар otinish.kz сайтында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа онлайн петиция дайындап жатыр. 

Онлайн өтініште кинотеатрлардың және кейбір мәдени демалыс орындарынан басқа барлық ұйымдардың жұмысының қайта жандануын сұраудан басталды. Азаматтар президенттен коронавирус жағдайының тұрақталуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шектеу шараларын қолдана отырып, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беруін сұрайды. Мұнымен қоса 5000-нан астам қызметкерлердің айлығы төленіп отырғанын, бірақ жұмыс тоқтап шығынға ұшырап жатқандарын айтқан.

“ТМД-ның басқа елдері және әлемнің, соның ішінде Ресейдің, Қытайдың, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Украинаның, Өзбекстанның тәжірибесі көрсеткендей, кинотеатрлардың ашылуы эпидемиологиялық жағдайға ешқандай әсер етпеді.” – делінген жазбада.

Осыдан 7 ай бұрын 13 наурыз күні карантин шектеулері негізінде жұмысын тоқтатқан кинотеатрлар әлі ашылмады. Елде пандемия тұрақталғанымен карантин толықтай аяқталмады.

Қазір онлайн петицияға өтініш бергендер саны 10 000-ға жақындаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз