Түркістанда аязға байланысты бірнеше жүргізуші жолда қалып қойды

0
38
Ақ түтек боран.

12 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де Түркістан облысының таулы аймақтарында және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз болды.

Салдарынан Түркістан облысы Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды.

Боран басталғаннан бастап Түркістан облысының құтқарушылары жолда адасып кеткен бірнеше жеңіл көліктің жолаушыларын құтқарып, ауыр жүк көліктерінің қозғалуына көмек көрсеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз