Танымал әнші ауылға мешіт салып берді

0
201
photo: muftyat.kz

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Алдашбай ахун ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Мешіттің ашылу рәсімінде ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, елімізге белгілі теолог, исламтанушы, “Сарыағаш” медресе-колледжінің директоры Ә.Сманов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, ауыл ақсақалдары және С.Ерімбетұлының ұрпақтары сөз сөйлеп, салтанатты түрде мешіт лентасын қиды.

Әбдіжаппар Әлқожаның демеушілігімен салынған жаңа құлшылық үйі 70 адамдық ерлер залы және 30 адамдық әйелдер залынан тұрады. Жалпы сыйымдылығы 100 адамға шақталған.

 

View this post on Instagram

 

Әссалламу алейкум оқырман,мұсылман бауырлар. #Жұма күні отбасымызға берекені мол етсін! Алла жеткізгеніне шүкір осы күнді.Арманым осындай бір жетістік еді.Раббыма тәубе, Ниетімізді айналдырып алдымызға алып келген.Мақтаныш үшін емес,кей азаматтарға үлгі болсын деп жариялап жатырмыз.Өйткені үлкен ағаларымызда айтты!!! Бұндай қайырымды істі Жәриялау керек.Біреу үлгі алады,біреу ғибрат алады деп.Дүниесін казинода,кафеде,шет ел,ресторанда шашып жүрген жандар қарап ойлансын деді.Мен бай емес шығармын бірақ ел арасында жүріп ұққаным,ата анамнан көрген тәрбием осы іске жетеледі.”Қарттық келуден алдын жастықтың қадірін біліңіз”Бақыт іздеуден алдын бағыңызды бағалай біліңіз.Әркім әрқалай жазарын да білем пікірін.Бірақ бір баспана сыйласақ та жәриялаймыз,мәшіне сыйласақ та сол Әкең көлік сыйласаң тойхананың алдына лента байлап қоямыз.Айфон алсақ бір лентаны мақтаныш,қуаныш қыламыз.Біздер қазір сондай пенделерміз.Ал Алланың үйін кең жамағатқа жасаған сәтте жасырып қалсақ жақсылықтың жаршысы кім болады?Әлеуметтік желінің өзі харам мен халалға,сауап пен күнаға толы.Біз осы желіні қалай жүргіземіз.Жақсы сөз жазсаң сауабы бар.Жаман сөз жаныңа жара салуы мүмкін.Ол да күнә.Жарысып жазба ақ жасырын жүрмей ақ,жүрекке алмай ақ жымиып жүрудің өзі сүннет!😊Жақсы іс жасап жарысайық.Жамандықты жасырайық. Оның үстіне бұл мешіт құрылысына менің ғана еңбегім сіңгені жоқ.Әуелә Алла сосын халық деген кең ұлтымыздың ақ батасы.Осы жолда өз саудасынан аямай өз бағасына заттарын берген.Қышын тасыған,Құжатына жүгірген менің асыл бауырларым бар.@studio_adilet бастаған барша қолдаушы достарыма алғысымды айтамын.Облыс бас имамдарына,арнайы Сарыағаштан інім деп қолдап келген Әбдіғаппар ағам дүние тұрғанша тұрыңыз.Алғысым шексіз.Құрылысын бас аяғын 2-айда бітірген Бақтияр ағама Алла разы болсын!!!Бауыр болып қолдап келген өнердегі достарым сіздерге Алла мол сауабынан жазсын!!! @ibragimovserik @jiger_auypbaev_official @zholdasbek_abdikhanov @erasyl_kasen @toregalitoreali @almas_05.05 @ertay_algozha Ауыл ағаларына рахмет.Атын мінгізіп ақ дастарханын жәйған. …Мешіт мекен жайы: Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Алдашбай ахун ауылы (Майлыөзек) орталық көше) #Әбдіжаппар_Әлқожа2019 #Қызылорда #Қазақстан

A post shared by Àbdìzhappar Àlqozha Àbdìrazzaq (@abdizhappar_alkozha) on

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз