Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысы:
- “Алматы-Ташкент-Термез” автожолы, Кенен а.– Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) – 95 шақырым.
Жетісу облысы:
- “Үшарал-Достық” Көктұма ст. – Достық ст. – 100 шақырым. Шектеу барлық көлік түріне қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.