Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны бесеуге жетті

0
300
Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету сәті.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылысынан қаза болғандар саны бесеуге жетті. Бұған дейін төрт адам қаза болғаны ресми түрде хабарланған.

-Өрт сөндіру командасының бастығы, келісім-шарт қызметінің старшинасы 1992 жылы туған Еркін Нәдірбеков өрт сөндіру кезіндегі жарылыс кезінде көз жұмды. Ол 27 тамыз күні таңертең хабарсыз кеткен әскери қызметшілер тізімінде болатын, – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстан 4 адам қаза болғанын айтқан:

– Оңтүстік округтің әскери прокуроры полковник Қапезов, сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов және әскери күзет қызметкері Оразбек Дәлібаев мерт болды. Туыстарына әріптестерімнің атынан көңіл айтамын, – деген министр бірнеше адамның із-түзсіз кеткенін мәлімдеген.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қоймада өрт шығып, оқ-дәрі жарылған. Бірнеше күшті дүмпу болып, жақын маңдағы елдімекендер эвакуацияланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз