АҚШ пен Қытай президенттері Украинадағы соғысты талқылады

0
196
US President Joe Biden (R) and China's President Xi Jinping (L) meet on the sidelines of the G20 Summit in Nusa Dua on the Indonesian resort island of Bali on November 14, 2022. (Photo by SAUL LOEB / AFP) (Photo by SAUL LOEB/AFP via Getty Images)

14 қараша күні Индонезияның Бали қаласында АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай президенті Си Цзиньпин кездесіп Украинадағы соғысты талқылады. Олар соғыста ядролық қару қолдануға қарсы шықты. Байден Шыңжаңдағы мұсылмандар мәселесін де айтқан. Бұл туралы Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде хабарланды.

Ақ үй ақпаратыына қарағанда, Украинадағы соғыс тақырыбын Байден көтерген.

“Президент Байден мен төраға Си ядролық соғыс басталмауы тиіс және мұндай соғыста жеңіске жетер ешкім жоқ деп, Украинадағы соғыста ядролық қару қолдануға қарсылық танытты” деп жазылған Ақ үй хабарламасында.

Украинада ядролық қару жоқ, демек бұл – екі ел лидерлерінің Ресейге қайырылуы.

Екі елдің басшылары АҚШ пен Қытай арасындағы мәселелерді ашық талқылаған, ал Байден АҚШ Қытаймен бәсекеге түсуден қашпайтынын, бірақ ешқандай қақтығысқа бармайтынын айтқан.

АҚШ президенті Вашингтон Пекинмен климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі, жаһандық экономика және денсаулық сақтау саласында бірге жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.

Байден Шыңжаң, Тибет және Гонконгтені адам құқығы мәселесін көтеріп, АҚШ Тайвань статусына қатысты кез келген заң бұзушылыққа қарсы екенін айтқан. Ақ үй алдағы уақытта АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға баратынын да хабарлады.

Байден кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Қытай Тайваньға басып кіретіндей ишара байқалмады, сондықтан әлем тағы бір қырғи қабақ соғыстың алдын алуы мүмкін деді.

Байден Си Цзиньпинпен президент статусында алғаш рет кездесті. Ал Балиде “Үлкен жиырмалық” кездесуі 15 қарашада басталады. Бұл саммитке Ресей атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады, Ресей президенті Владимир Путин саммитке келмеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз