АҚШ Сенаты “Украинамен қауіпсіздік саласында серіктестік” туралы заң жобасын ұсынды

0
125
АҚШ Сенаты.

Сәрсенбі күні кешке АҚШ Сенатының сыртқы істер комитеті Жоғарғы палатаның толық құрамын Украинаға Ресеймен текетіресте көмек көрсету және “Солтүстік ағын-2” газ құбырын салуға қатысы бар компанияларға қысым көрсету туралы заң жобасын қарауды ұсынды.

АҚШ сенаторларының пікірінше, Украинаны айналып өтіп, Еуропаға Ресей газын жеткізуге арналған бұл жоба Киевті газ транзиті арқылы маңызды табыс көзінен айырамыз деген қорқытуы.

“Украинамен қауіпсіздік саласындағы серіктестік туралы Акт” (Ukraine Security Partnership Act) деп аталатын заң жобасы шетелге әскери қаржыландыруға 300 миллион доллар бөлуді қарастырады. Бірақ бұл соманың жартысы Украина бірқатар шарттарды сақтаған жағдайда ғана бөлінеді.

Киев “Солтүстік ағын-2” жобасының аяқталуына қарсы тұрумен қатар, Ресей әскерінің аннексияланған Қырымда және Украинаның Донбас аймағындағы Шығыс шекараларында төтенше шоғырлану жағдайын шешуге шетелдік көмектен үміттенеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз