Қазақстан киберқауіпсіздік бойынша әлемде 31-орында

0
293
Photo: elgezit.kg

Global Cybersecurity Index – киберқауіпсіздік деңгейін сараптау комитетінің қорытындысы бойынша 194 елдің ішінде Қазақстан отыз бірінші орынға тұрақтады. Қазақстан индексі 93,15-ті құрады. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.

Global Cybersecurity Index-ті алғаш рет 2015 жылы Халықаралық телекоммуникациялық одақ (International Telecommunication Union, ITU) киберқауіпсіздікті бағалау және оны жақсарту үшін іске қосты.

Индекс критериясы ITU-ға мүше мемлекеттер туралы 82 мәселені бес негізгі бағыт бойынша біріктіреді (әрқайсысына 20 балл, барлығы — ең көбі 100 балл):
* құқықтық шаралар;
* техникалық шаралар;
* ұйымдастыру шаралары;
* әлеуетті дамыту бойынша шаралар;
* ынтымақтастық шаралары.

Қазақстанға барлық өлшемдер бойынша айтарлықтай жоғары баға берілді. Қазақстанның құқықтық шаралар сегментінде 20 балл, техникалық — 19,54 балл, ұйымдастырушылық — 18,46 балл, әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар саласында — 15,15 балл, ынтымақтастық шараларына — 20 балл берілді.

ТМД елдері арасында Қазақстаннан тек Ресей ғана жоғары балл жинады. (БАӘ және Малайзиямен бірлесіп 5-ші орын). Қалған елдер Қазақстанға қарағанда төмен нәтижелер көрсетті. Мысалы, Әзірбайжан – 40 орын, Молдова – 63 орын, Өзбекстан – 70 орын, Украина – 78 орын, Беларусь – 89 орын, Армения – 90 орын, Қырғызстан – 92 орын, Тәжікстан – 138 орын, Түрікменстан – 144 орынға тұрақтаған.

Рейтингті АҚШ (1-ші орын), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі және Сауд Арабиясы (2-ші орын) және Эстония (3-ші орын) ашты. Одан кейін тізімді Солтүстік Корея тұйықтады. Рейтингке қатысқан 194 елдің үшеуі туралы деректер толықтай жиналмаған. (Микронезия, Йемен және Ватикан).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз