“Қол астындағы қызметкері пара алған” БҚО әкімінің орынбасары отставкаға кетті

0
367
Photo: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев қол астындағы қызметкерінің жемқорлық күдігіне ілінгені үшін отставкаға кетті. БҚО әкімі Ғали Есқалиев орынбасарының жұмыстан кету ұсынысын қабылдап, қызметінен босатқан. Бұл туралы “Мой город” порталына сілтеме жасап Vlast.kz сайты хабарлады.

Нұралиевтің қол астындағы қызметкер, БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қаюпов жемқорлық күдігіне ілініп, шілде айында 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

“Болатбек Қаюповқа байланысты соттың айыптау үкімі шығып, осыған байланысты Айдар Нұралиевтің отставкаға кетуі міндеттелді. Қазір бір анығы Нұралиевті қызметінен босату жөніндегі өтініш қабылданды. Бүгін осы туралы ресми хат шығуы тиіс”, – деді БҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Айдар Нұралиев әкім орынбасары қызметіне былтыр маусым айында тағайындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз