Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Калининградқа әуе рейсі қайта ашылады

0
177
фото: aviapages.ru / "Северный ветер" әуе компаниясының ұшағы

Қазақстанда коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 1 рейс орындауға рұқсат берді.

Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің “Северный ветер” әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз