Депутат өзбекстандық қылмыс әлемінің серкесінен көмек сұраған

0
20
Қырғыз депутаты Эмиль Жамғыршиев, Орталық Азияда танымал кәсіпкер Сәлім Әбдувалиев

Қырғыз депутаты Эмиль Жамғыршиев, Орталық Азияда танымал кәсіпкер Сәлім Әбдувалиевтен (Сәлімбай, қылмыс әлемінің серкесі) көмек сұраған.

Бұл туралы бүгін, 10 қаңтарда Жогорку Кенеш отырысында айтылды.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, депутат Сәлімбайдан көмек сұрап, 10 беттік хат жазған.

«Келсін, өзі берілсін, жасырынбасын. Біз оны түрмеге отырғызбаймыз. Бірақ оның қылмыс әлемінің серкесімен кездесіп, одан көмек сұрауы өте ұят нәрсе», – деді Камчыбек Ташиев.

2020 жылы Эмиль Жамғыршиев пен Бақтыбек Қалмаматов «контрабанда туралы қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешкені үшін кәсіпкерден пара алды» деп айыпталды. Первомай аудандық және Бішкек қалалық соттары қылмыс құрамының жоқтығынан екеуінде ақтаған.

2022 жылдың 6 желтоқсанында Бас прокуратура Жоғарғы Сотқа Эмиль Жамғыршиевті ақтау үкімінің күшін жою туралы өтініш білдірді. 26 желтоқсанда ҰҚК баспасөз хабарламасында депутатты іздеуге жариялағанын білдірді.

2023 жылдың қаңтарынан бастап, Қырғызстан қарулы күштері Жамғыршиев ісін тергеуге жіберген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз