Әділхан Макин “Славян базары” фестивалінде Гран-приге ие болды

0
224

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Әділхан Макин «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болды. Бұл туралы академия ректоры  А.Маемиров Facebook-тегі парақшасында ресми хабарлады.

Әділхан Макин эстрада өнері факультетінің 4 курсында оқиды. -Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! – дейді Асхат Маемиров.

Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015» халықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет Гран-приді жеңіп алса, 2018 жылы Ернар Садырбай бірінші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды. Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан Әділxан Макин – қазылар алқасы мен алты мыңнан астам көрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестиваль жанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді.

Байқауға Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения, Молдова секілді мемлекеттердің айтулы эстрада әншілері қатысты. Екі байқау күнінің қорытындысы бойынша Әділхан Макин 178 ұпаймен алға шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз