Джо Байден Ұлыбританияға келді

0
107
Джо Байден мен жұбайы Джилл Байден. Photo: Voice of America

Джо Байден АҚШ президенті ретінде алғашқы шетелдік сапарын Ұлыбританиядан бастады. 

Алдағы уақытта ол премьер-министр Борис Джонсонмен кездесіп, “Үлкен жетілік” (G7) саммитіне қатысады.

13 маусымда Байден мен оның әйелі Джилді Виндзор сарайында Елизавет патшайым қабылдайды. Одан кейін АҚШ президенті НАТО саммитіне қатысып, Еуропа Одағы елдерінің басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Брюссельге барады.

Байден 16 маусым күні Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Байден мен Путин президент ретінде алғаш рет кездеседі. Екеуі 2011 жылы Мәскеуде жолыққан. Ол кезде Байден – Барак Обама әкімшілігінде вице-президент, Путин – Ресей премьері еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз