Иран жастары: Жұрт бізді “террорист” деп ойлайды

0
52
Сурет: bbc.com

Бұл – Сина. Ол 23 жастағы музыкант. Қолынан аспабы түспейтін Синаны Тегерандағы Орталық базардан оңай тауып аласыз. 

“Инстаграмда басқа елдегі музыканттармен сөйлесіп отырғанмын. Ираннан екенімді айтқанда әлгі музыкант қыз аккаунтымды бірден бұғаттап, мүлде жауап қатпады. Аң-таң күйде қалдым”, – дейді ол BBC-ге берген сұхбатында.

Сина Иран музыка дәстүрін танытуға тырысып жүргендігін айтты. “Жергілікті халық көбіне шет ел әндерін тыңдайды. Маған, Иран халқы өз музыкасын,  дәстүрін ұмытып бара жатқандай көрінеді”, –  деді жас музыкант.

Синаны басқалардың өз еліне деген көзқарасы алаңдатады. 

“Бар мәселе бізді басқа елдердің “террорист” деп ойлауында. Шет елдерге шығып тұрамын. Өзімнің Ираннан екенімді айтқанда, көбі Иракпен шатастырып кірпідей жиырылады. Себебі екі елдің аттарында тек бір әріп қана айырмашылық бар. Бізді “террорист”, “арабша сөйлейді” секілді ақылға қонымсыз дүниелер айтады”, – деді ол.

Сина аспабынан бірауық босағанда жасайтын жұмысы бар. Ол Тегеранның әр аймағында коктейль жасап сатады.

“Иран туралы қызық айтайын, мұнда кез келген затты 5 минутқа жетпей-ақ тауып аласыз”, – деді Сина.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз