Нобель сыйлығын ИМ тұтқынында болған Надя Мурад алды

0
94

5 қазан күні Нобель сыйлығының Норвегиялық комитеті бейбітшілік бойынша лауреаттарды жариялады. Биылғы сыйлық конголық Денис Муквеге мен ирактық құқық қорғаушы Надя Мурадқа берілді. Олар Нобель сыйлығын қарулық қақтығыс кезіндегі сексуалдық зорлық-зомбылықты тоқтатқаны үшін алды. 

Надя Мурад 2014 жылы Иракта мыңға жуық эзидпен “Ислам мемлекеті” (ДАИШ) террорлық тобының тұтқынына түсіп, құлдықта болған. Үш айдан кейін тұтқыннан құтылып, мыңдаған босқынмен Германияға қашып кеткен. Бүгінде Германияда тұрып жатыр. Надя Мурад 2016 жылы БҰҰ-ның құлдыққа сатылғандардың құқығын қорғау бойынша елшісі болып тағайындалған. Ол – ИМ тобының Ирак әйелдеріне жасап жатқан қысымы туралы жиі көтерген белсенді.

Денис Муквеге – конголық гинеколог. Елдегі қарулы қақтығыс кезінде зорлыққа ұшыраған қыздар мен әйелдерді емдеумен айналысқан.

Бұған дейін химия, физика, медицина салалары бойынша Нобель сыйлығын алған ғалымдар туралы жазған болатынбыз. Ал, былтыр бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын  International Campaign to Abolish Nuclear Weapons алған болатын.

Айта кетейік, 2018 жылғы сыйлық иегерлері 1 миллион доллар көлемінде сыйақы алады. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына биыл 331 үміткер болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз