Путин өзіне өмір бойы сенатор болуға рұқсат беретін заңға қол қойды

0
176
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы мемлекет басшыларына өмір бойы сенатор болуға рұқсат беретін заңға қол қойды. Құжат мәтіні құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Аталмыш заң жобасы парламент қарауына Путиннің бастамасымен жіберілген. Құжаттың алғашқы нұсқасында мемлекет басшысы отставкаға кеткеннен кейін үш айдан соң сенат мүшелігіне өтініш тапсыра алады деп жазылған. Ал соңғы нұсқада мерзімдік шектеу жоқ.

Заң жобасы парламенттің жоғарғы палатасына 30 сенатор тағайындауға мүмкіндік береді: жетеуі – сенатта өмір бойы қала алады, қалғаны 6 жылға сайланады. Сенатор мәртебесіне ие болған Ресей азаматы мемлекеттік думаға заңдар шығарып, жоғарғы палатадағы дауыс беруге қатысады. Бұл қызметке келген адам қылмыстық қудалаудан құтқаратын иммунитетке де ие болады.

Қазір Ресейде екі бұрынғы мемлекет басшысы бар. Бірі – 2008-2012 жылдар аралығында мемлекет басқарған Дмитрий Медведев пен СССР-дың бұрынғы басшысы Михаил Горбачев. Бірақ құжаттағы артықшылықтарды олар пайдалана алмайды. (RFL/RL)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз