Ресей парламенті Украина аймақтарын аннекциялау туралы келісімді бекітті

0
171
Photo: RBK

4 қазан күні Ресей парламентінің жоғарғы палатасы – Федерация кеңесі “ЛХР, ДХР, Запорожье және Херсон облыстарының Ресей құрамына қосылатыны туралы” келісімді бекітті. Украина жерін анннексиялауды Федерация кеңесі толық қолдаған.

Ресей мемлекеттік думасы мақұлдаған аннексиялау туралы келісімге енді Ресей президенті Владимир Путин қол қоюға тиіс. Сол сәттен бастап Ресей аталған облыстарды өз жері деп санайтын болады. Аннексияланған облыстар үшін 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта “өтпелі кезең” жарияланады. 2023 жылдың 10 қыркүйегінде жергілікті заң шығару органдарына сайлау өтеді.

Келісім бойынша, Донецк пен Луганск облыстары Ресей құрамына “Донецк” және “Луганск” халық республикалары деген атаумен, 2014 жылғы шекарасымен қосылады. Херсон және Запорожье облыстарының шекаралары құжатта көрсетілмеген. Николаев облысының аннексияланған бөлігі Херсон облысына қосылған.

Келісім бойынша, Ресей паспортын алғысы келмейтінін бір ай ішінде мәлімдемесе, аннексияланған аймақтағы украиндар Ресей азаматы болып саналады.

Киев пен Батыс елдері Ресей аннексиясын ешбір жағдайда мойындамайтынын мәлімдеген. Украина өз жерін азат етуді жалғастырып жатыр.

Ресей аталған өңірлерді аннексиялау мақсатында “референдум” өткізген. Мұндай референдумды Ресейдің өзінен өзге ешкім мойындамаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз