ІІМ: Мобилизация басталғалы Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келген

0
206
Қазақстан ішкі істер министрі Марат Ахметжанов. Photo: Tengrinews.kz

4 қазанда үкімет отырысынан кейін Қазақстан ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресейден келіп жатқан адамдардың азайғанын айтты. Оның сөзінше 21 қыркүйектен бері Қазақстанға Ресейден 200 мың адам келіп, 147 мың адам шығып кеткен.

“Мысалы, бүгін Ресейден 7 мың 800 адам кіріп, 10 мың 500 адам Қазақстаннан шықты”,- деді Ахметжанов.

Министрдің сөзінше, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға ағылған Ресей азаматтары күніне бұрынғыдан екі-үш есе көбейіп, 30 мың адамға дейін жеткен.

“Қазақстан оқшау жатқан ел емес. Мысалы, коронавирус індетінің алдында Қазақстанға Ресейден жылына 3 миллионға жуық адам келетін”,- деді ол.

Биыл 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа байланысты ішінара моблизация жариялаған соң Ресейден қашқан, әскерге жарамды азаматтар күрт көбейген.

Ресей азаматтары шекаралас елдерге, Қазақстан мен Қырғызстан, Өзбекстанға кетуге талпынған. Қазақстан шекарасында үлкен кезек пайда болған. Қазақстанның Ресеймен шектес қалаларында Ресей азаматтарына жатын орын мен ас-су берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз