Астанада Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді

0
295
Көрмеге қатысушылар.

12-14 қазан күндері Астанадағы EXPO ХКО-да KazAgro/KazFarm Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесі және агроөнеркәсіп саласындағы әлемдік инновациялардың таныстырылымы өтеді.

Оқи отырыңыз: Шетелдік мамандар Қазақстанның ауыл шаруашылығын қалай бағалайды?

KazAgro — тұқым таңдаудан бастап, дайын өнім мен заманауи технологияларды қамтитын өсімдік шаруашылығы көрмесі. KazFarm –  эмбриондардан бастап дайын өнімдер мен қызметтерге дейін толық қамтылған мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібіне арналған көрме.

“KazAgro/KazFarm-2022” нарыққа әлемдік жетекші агроконцерндердің соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, инновациялық технологияларды және агроөнеркәсіп саласына агро-ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін ауыл шаруашылығы секторын дамыту бағдарламаларын ұсынады.

“ExpoGroup” халықаралық көрме компаниясы Қазақстанда жыл сайын әртүрлі елдердің 300-ден астам агроөнеркәсіптік компанияларын біріктіретін көрмелерді 10 жылдан астам уақыттан бері өткізіп келеді. Биыл көрмелерге әлемнің 20-дан астам елінен компаниялар мен ұйымдар қатысады. Шараның бас демеушісі “Ростсельмаш”компаниялар тобы.

Көрмені ұйымдастырушы, ExpoGroup компаниясының директоры Шолпан Қожабаеваның айтуынша, жалпы жоба фермерлерге үш күн ішінде бір нысанда барлық бизнес шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көрменің жалпы ауданы шамамен 20 000 шаршы метр.

Былтыр көрмеге 33 000 адам қатысқан. Олардың қатарында қазақстандық фермерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, импорттаушылар мен экспорттаушылар, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен шетелдердің басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері, сала мамандары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары болған.

Көрме бағдарламасында жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтардың басшыларының қатысуымен семинарлар, презентациялар ұйымдастыру және өткізу, іскерлік миссиялар мен қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында меморандумдарға қол қою қарастырылған.

Қатысушылар мен көрме қонақтары агрономдарға арналған жаңа қосымшаның тұсаукесеріне куә болады. Мал шаруашылығына арналған жаңалықтар, ауыл шаруашылығына арналған жаңа КАМАЗ көліктері мен машиналарының тұсаукесері, шетел технологиясын көрсету, жаңа өнімдерді таныстыру, Қазақстандағы ауылшаруашылық техникасының алғашқы ішкі нарығының тұсаукесері, сонымен қатар әртүрлі интерактивті іс-шаралар, байқаулар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, көрме барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдің барлық өңірлерінен үздік және озық өсімдік шаруашылығындағы мамандарды марапаттай отырып, Қазақстан селекционерлерінің II слетін өткізбек. Сондай-ақ көрме тарихында алғаш рет 2022 жылы таңдаулы бұқалардың тұқымдық материалдарына аукционы өтеді.     

Көрмелердің ресми ашылуы: 2022 жылдың 12 қазаны, сағат 11.00.

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 53/1 («EXPO» ХКО).

БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылдың 11 қазанында сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Аккредиттеу тізімдерін press@expogroup.kz поштаға жіберу керек

Байланыс телефоны: +77026670700, +77019992819

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз