Ресейдегі шахтада өрт шығып 11 адам қайтыс болды

0
83

25 қараша күні Ресейдің Белово қаласына қарасты Грамотеинский кентіндегі шахтада 250 метр тереңдікте өрт шығып, 11 кенші қаза тапты. Бұл туралы Sputnik сайты хабарлады.

Оқиға орнынан 285 кеншінің 239-ы сыртқа шығарылған. Қалған 36 кенші іздестірілуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, 250 метр тереңдікте шахтаның ішін түтін алып кеткен. Оқиға көмір шаңының өртенуінен болған.

Ресей президенті Владимир Путин төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Александр Чуприян мен техникалық қадағалау қызметінің басшысы Александр Трембицкийге Кузбассқа барып, құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға тапсырма берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз