Қазгидромет 13 өңірде дауылды ескерту жариялады

0
253
photo: ult.kz

25 қарашада Қазгидромет ұйымы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты елдің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады. 

26 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын жел күтіледі. Ал оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

26 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 26 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 қарашада Қызылорда облысының орталығында, 27-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

26 қарашада Қарағанды облысының шығысында бұрқасын жел, көктайғақ күтіледі. Бұдан бөлек облыстың басым бөлігіндегі жолдарда көктайғақ күтіледі. 26-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды және Жезқазған қалаларында 26 қарашада жолдарда көктайғақ күтіледі.

26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы, тау бөктерлі аудандарда бұрқасын жел, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с болады.

Шымкент қаласында 26 қарашада түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

26 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі.

Түнде 26 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

26 қарашада Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып 27 қарашада 17-22 м/с, 28 қарашада 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Ал, Талдықорған қаласында 26 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз