Ресей әскері Киевті атқылап жатыр

0
671
Украина астанасы Киев.

25 ақпан таңға жуық Украина астанасы Киевте бірнеше жарылыс болды. Бұл жөнінде УНИАН агенттігіне сілтеме жасап RFE/RL хабарлады. Украина ішкі істер министрлігі де бұл ақпаратты растаған.

“Киевті қанатты немесе баллистикалық зымыранмен атқылап жатыр” деп хабарлады ішкі істер министрлігінің кеңесшісі Антон Геращенко.

Агенттік бұған қоса, Киевтің Троещина ауданында шамамен алты жарылыс болғанын хабарлады.

Украина ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әуе соққысына қарсы жүйе қалаға бағытталған дрондардың бірін атып түсірген, ол Киевтің оңтүстік-шығысындағы аумаққа құлаған.

Ресейлік дрон құлағаннан кейін Киевте 9 қабатты тұрғын үй өртенген.

Бұған дейін Украина билігі Ресей әскері Киевті 25 ақпан таң атпай атқылайды деп болжаған. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович 25 ақпан “ең қорқынышты күн” деп мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз