Украинада ІІ дүниежүзілік соғыста өлгендердің бас сүйегі табылды

0
124
фото: видеодан скриншот

Осыдан бір апта бұрын Украинада Кахов су қоймасының бөгеті жарылған еді. Қоймадағы су деңгейі азайғаннан кейін, су астынан адам бас сүйектері мен заттары табылып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Жергілікті БАҚ ақпараты бойынша, Кахов су қоймасының түбінен табылған адамдардың бас сүйегі, екінші дүнижүзілік соғыста қайтыс болған әскерилер. Әлеуметтік желіде тараған видеода бір бас сүйегі әскери дулығасымен бірге сақталған.

Айта кетейік, 6 маусымда Кахов су электр станциясының бөгеті жарылып, Херсон облысының елді-мекендері су астында қалды. Кейінгі ақпараттар бойынша 23 мыңнан астам үй су астында қалған. 35 ауыл-аймақ судан зардап шеккен. Өзендегі су арнасынан толуының салдарынан, 8 адам қайтыс болған.

Оқи отырыңыз: Украинада су электр станциясы жарылды: Елді-мекен суға кетті 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз