Жасанды интеллект несімен қауіпті? Еуропалық Комиссия дабыл қағуда

0
120
фото: astera.ru

Еуропалық Комиссия, жақында әлемдік IT-концерндерге үндеу жасады. Олар, вебсайттарында жасанды интелект жасаған фото, видео және мәтінге белгі қоюды талап етті, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі DW агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл үндеу Google, Facebook, YouTube және TikTok секілді әлемдік гигант платформаларға жолданған. Ондағы мақсат әлем бойынша жалған ақпарат таратудың алдын алу болып отыр.

Мұндай алаңдаушылық, Еуропа үшін әсіресе Ресейдің Украинаға соғыс ашқаннан кейін, ресейлік компаниялардың фейк ақпараттарды көп таратуымен де байланысты. Енді оның үстіне жасанды интелект қарқынды дамып, фейк ақпараттың таралуы үлкен мәселеге айналған.

«ChatGPT – бірнеше секунд ішінде күрделі және бір қарағанда өте дұрыс секілді көрінетіндей контент жасай алады. Контенттерге дереу белгі қойып бастау керек», – дейді ЕК төрағасының құндылықтар және ашықтық жөніндегі орынбасары Вера Юрова.

Еуропалық саясатты зерттеу орталығының цифрлық экономика бойынша жетекші сарапшысы Андреа Ренда жасанды интелект жасаған заттардың барлығын 100 пайыз таңбалау мүмкін емес дейді. Алайда Вера Юрова, бұл туралы Google-дың қазіргі бас директоры Сундар Пичайден сұрағанын және ол жасанды интелект жасаған нәрсені қарапайым адамдардың еңбегінен айыра алатын технология барын, бірақ оның әлі де жетілдірілуі керек екенін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз