Роза Рымбаева телевизиялық бағдарламада актерлік шеберлігін көрсетті

0
260
фото: видеодан үзінді

Телевизиялық бағдарламада қонақ болған Роза Рымбаева студенттік шағындағы группаласымен бірге, пьесадан үзінді ойнады, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

Бағдарламада актер Қонысбек Бегайдаров, кезінде Розамен бірге Алексей Арбузовтың «Иркутская история» спектаклін ойнағанын еске түсірді.

«Мен, Роза қасыма жақындағанда терім бұрқылдап, терлейтінмін. Тіпті мен осы күнге шейін қысыламын. Өйткені ол адамға деген силастығың, өнеріне, адамгершілігіне махаббатың. Мүмкін сол үшін шығар», – деп түсіндірді группаласы Қонысбек.

Осыдан кейін жүргізуші Роза мен Қонысбектен жастықты еске алып, сол кездегі пьесадан үзінді ойнауын өтінді.

«Қоныс екеуміз қалай махаббатты ойнадық, менің жылағанымды айтсаңызшы», – деп еске алды Роза Рымбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз