Алматыдағы дарынды қыз балаларға арналған лицейге Шәмшә Беркімбаеваның есімі берілді

1
364

11 қазан күні Алматыдағы дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицейіне әр жылдары Сенат депутаты, Білім және ғылым министрі болған Шәмшә Беркімбаеваның есімі берілді. Саналы ғұмырын ағартушылыққа арнаған Шəмшə Беркімбаева көзі тірі болса 10-қазан күні 80 жасқа толар еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым министрі қайтыс болды

Шəмшə Көпбайқызы еңбек жолын қарапайым ауыл мұғалімдігінен бастаған. Ол əр жылдары мектеп директоры, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Білім министрінің орынбасары, Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің бірініші хатшысы, Алматы облысы білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстан парламенті Сенатының депутаты, Білім жəне ғылым министрі қызметін атқарды.

Іс-шараға келген қонақтар.

Шəмшə Беркімбаева қазақ мектептерін дамытуға, ауылдан шыққан дарынды балаларды қолдауға, əсіресе, бұрынғы Қазақ-түрік лицейі атанған “Білім-инновация” лицейлерін қолдап, жас өрендердің білім алуына орасан үлес қосты. Асыл мұрат жолында аянбай тер төккен ардақты ұстаздың еңбегі мен есімі ел есінде қалсын деген мақсатта Алматы қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернатты – Шəмшə Беркімбаеваның атына беруге арналған салтанатты шара өтті. Шəмшə Көпбайқызы – аталмыш лицейдің алғаш ірге тасы қаланып, қалыптасу жолында сүбелі үлес қосты.

Лицей де үкілі үмітті ақтап, кейінгі 5 жылда 88 түлек шетелдік университетке қабылданып, 105 оқушы “алтын белгі” иегері атанды. 2021 жылы еліміздегі ең үздік 100 олимпиадалық мектептің құрамына енді.

Сондай-ақ, құндылықтарға негізделген білім беруді қалыптастыруға бағытталған оқу-əдістемелік “Қадам” кітабының дəл осы күні ресми таныстырылым өтті.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтің құттықтауын жеткізді.

Жиынның құрметті қонақтары:

  • Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі.
  • Нағашыбек Қапалбекұлы белгілі қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
  • Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш — жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы. •Дәулетбек Байтұрсынұлы-ақын.
  • Нұржан Қуантайұлы – прозашы, ақын.
  • Самал Бердібекқызы Соқпақбаева – аудармашы.
  • Зейнеп Ахметова — Бауыржан Момышұлының келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы.
  • Смағұл Абатұлы Елубаев — жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  • Марат Тоқашбаев-журналист-жазушы.
  • Айжан Нұрділдәқызы – Алматы облысы, Қарасай ауданының әкімінің орынбасары.
  • Жылқыбаева Ләззат Әуесханқызы – Алматы білім басқарма басшысы.
  • Әлімжан Бекежанұлы Игенбаев – Сүлеймен Демирель Университеті ректоры.
  • Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті ректоры- Гүлмира Қанай Әмірханқызы.
  • ҚазҰУ проректоры – Тасыбеков Хайдар Сүлейманұлы.
  • Абай атындағы педагогикалық университеті ректоры – Біләлов Дархан Нұрланұлы.
  • БАҚ өкілдері мен Шәмшә Беркімбеваның туған-туыс, әріптес достары қатысты.

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз