Қазақстандықтарға жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр

0
137
фото: Pixabay

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден жаңа ипотеканы іске қосу мүмкіндігі туралы сұрады.

“Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қамтамасыз етілуіне алаңдаймыз. Алайда біз халықтың негізгі бөлігін, яғни жұмыс істеп, отбасы құрып жатқан тұрғындарды ұмытып жатамыз. Біз оларды қамтамасыз ету үшін қазір отбасының цифрлық портреті арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырып жатырмыз. Санаттар бойынша жіктелмейді”, – деді Қ. Өскенбаев.

Осы орайда ол әр отбасының жағдайына қарай жеке-жеке көмек көрсету ескерілгенін айтты. Бірақ бұл бастама әлі де пысықталып жатыр. Отбасының цифрлық портреті жасалды. Алдағы уақытта оның мазмұны толықтырылады.

Сонымен қатар министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.

“Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз”, – деді ведомство басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз