Ауғанстанда Қазақстанның сауда үйі ашылады

0
124

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға сапары аясында Кабулда қазақ-ауған бизнес-форумы өтті. Қазақстан тарапынан оған тамақ өнеркәсібі саласындағы экспорттаушы кәсіпорындарының 18 өкілі (ұн, макарон, кондитерлік өнімдер, сусындар, сүт өнімдері) қатысты. Бизнес-форум алаңында кәсіпкерлер Ауғанстанға сомасы $4 млн-ды құрайтын ұн жеткізу туралы келісім жасады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бизнес-форум алаңында Ауғанстанда Қазақстан сауда үйінің ашылғаны туралы хабарланды, негізгі кеңсе Герат қаласында орналасатын болады.

Іс жүзінде Қазақстанның сауда үйі Қазақстан мен Ауғанстандағы «B2B» форматындағы іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, қазақстандық және ауғандық іскер топтар арасындағы платформаға айналуға арналған. Ол үшін оның базасында экспортталатын отандық тауарлар мен қызметтер, сауда саласындағы заңнама, даму перспективалары мен проблемалық сәттерге маркетингтік зерттеулер мен талдау жүргізу, қазақстандық және ауғандық іскер тортарға ұсыныстар әзірлеу және өзара іс-қимылдың басқа да мәселелері бойынша консалтингтік орталық құрылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз