Отандық балмұздақ Грузия мен Арменияға экспортталады

0
93

“Шин-Лайн” компаниясының басшысы Андрей Шин хабарлағандай, экспорт бойынша Ресей баяғыша көш бастап тұр. Бұл елдегі сатылым 2017 жылмен салыстырғанда үш есе артты. Ал, жақын күндері балмұздақ Грузия, Армения, Әзербайжан мен Украинаға экспортталады.

Андрей Шиннің айтуынша, балмұздақ нарығы жыл сайын 2-3% өсіп келеді.  Baq.kz ақпаратына сүйенсек отандық және импорттық тауардың елдегі қатынасы шамамен сәйкесінше 60%/40%. Соңғы үш жылда аталған тауардың өндірісі 7,5% артып, 33 мың тоннаға жеткен.

Айта кетейік, елімізде балмұздақ өндіретін 21 компания бар. Тұтыну көрсеткіші бойынша бір тұрғынға 2,5 келі балмұздақтан келеді және оны көбіне 45 жастан асқан азаматтар сатып алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз