Министр: Жаңа жылды отбасы аясында тойлауымыз керек

0
140
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Photo: vlast.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пандемия жағдайында жаңа жылдық ұжымдық кештерді өткізу туралы мәлімдеме жасады.

“Жаңа жыл – әрқашан отбасылық мейрам. Сондықтан жаңа жыл кештерінің ауқымын шектеген дұрыс. Вирус ешқайда кетіп қалған жоқ. Ауру және өлім жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Сондықтан өзімізді қорғау үшін мерекені отбасы аясында тойлауымыз керек” – дейді денсаулық сақтау министрі Цой. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсандағы ақпарат бойынша 704 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам дерттен қайтыс болды. Қазіргі таңда коронавирустан 22 819 адам емделуде, олардың ішінде 4 604 пациент стационарда, 18 215 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Жалпы 353 адамның жағдайы ауыр, 90 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 60 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз