ҚР-да тұрғын үйге деген қажеттілік әрқашан жоғары. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, бір қазақстандыққа шаққандағы тұрғын үймен қамтылу 23,4 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ал БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес, көрсеткіш 30 шаршы метрден асуы тиіс. Мысалы: Қытайда бұл көрсеткіш 32 шаршы метр, Германияда — 39 ш. м., АҚШ-та — 69,7 ш. м., Ұлыбританияда — 70 ш. м.
Қазақстанда өз үйін сатып алудың ең реалистік жолдарының бірі ипотека және солай болып қала береді.
Бұл сегменттегі ең төменгі мөлшерлемені Altyn Bank екі минутта мақұлдайтын цифрлық ипотеканың бөлігі ретінде BI Group-пен бірлескен Оңай бағдарламасын ұсынады: несие мерзіміне байланысты 0,1%-дан басталады (ЖТСМ — 0,1%-дан басталады). Сонымен қатар, банк наурыз айы бойы акция өткізіп, мөлшерлеме 4,5%-ға төмендетеді.
Артынша Фридом Финанс банкі: бұл банктегі BI Group-пен бірлескен ипотекалық бағдарлама бойынша мөлшерлеме 0,2%-дан бастап (ЖТСМ — 0,2%-дан бастап).
ЦентрКредит банкінде құрылыс компанияларымен серіктес бағдарламалары аясындағы мөлшерлеме 5%-дан басталады (ЖТСМ — 5,1%-дан басталады).
Halyk Bank-те BI Group-пен бірлескен бағдарлама бойынша мөлшерлеме 4,6%-дан бастап (ЖТСМ — 6,7%-дан бастап), ал Bazis-A-да — 18%-дан бастап (ЖТСМ — 20,4%-дан бастап).
Төрт банктің үшеуі — Altyn Bank, ЦентрКредит банкі және Halyk Bank — тұрғын үй құнының 20%-ын, Фридом Финанс банкі — 30 пайыздан бастап бастапқы жарна сұрайды.
Altyn Bank және Halyk Bank-те ипотеканың ең жоғары мерзімі 240 айға дейін, ЦентрКредит банкі мен Фридом Финанс банкінде 180 айға дейін.
Ипотеканың ең үлкен максималды сомасын Фридом Финанс банкі (200 млн теңгеге дейін), одан кейін ЦентрКредит банкі (100 мл теңгеге дейін) және Altyn Bank (80 млн теңгеге дейін) ұсынады. Halyk Bank шекті соманы көрсетпеді.
Сонымен қатар, биыл жыл басында тұрғындарға тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген несиелер (ипотекалық несиелер) 4,86 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 39,3%, ал он жыл бұрынғыдан бірден 5,3 есе артық.
Бұл қазірдің өзінде ҚР экономикасына берілген барлық несиелердің 21,3%-ын құрайды, бір жыл бұрын көрсеткіш 18,9% және он жыл бұрын 9,2% ғана болған.