Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы–Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуға келісті. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Бұл келісім Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Сауд Арабиясына сапары негізінде нақтыланды.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуе компаниясы орындайды.
Тікелей әуе қатынасы 2024 жылғы көктем-жаз маусымынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер аптасына жеті рет орындалады.