Қарағанды – Мәскеу әуе рейсі ашылады

0
170
Fly Arystan ұшағы.

7 қазаннан бастап әр бейсенбі Fly Arystan әуе компаниясы Қарағандыдан Мәскеуге әуе рейсін іске қосады. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Билет бағасы 34999 теңгеден басталады. Рейстерді Airbus A320 ұшағы орындайды.

Компания баспасөз қызметі билеттердің FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді екенін хабарлады.

Ескерту:

  • Билет алмай тұрып Ресейге кіру талаптарымен мұқият танысуыңызды сұраймыз;
  • Ең арзан билетке тек 5 кг қолжүк (56/23/36 см) және кездейсоқ орын кіреді;
  • Жолжүкті алдын ала брондауды ұмытпаңыз, осылайша әуежайда төлегеннен 70% дейін үнемдейсіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз