Астана күнінде қазақстандықтар 4 күн демалады

0
113
Астана қаласы.

Үкімет Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады”, – делінген премьер-министр баспасөз қызметінде.

✅Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз