Алдағы жылы Астанадағы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасы қолданылмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының қаладағы такси қызметінің жұмысын қорытындылау туралы өткізген жиында белгілі болды.
«2018 жылы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасын қолдану бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткіштер бойынша, дамыған барлық елдерінде автомобиль таксилерімен жолаушылар мен багаждарды заңды тасымалдайтын такси көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне бірыңғай түсті гамма қолданылады. Осындай жаңа енгізулер жолаушылар мен қадағалау органдарына заңсыз тасымалдаушылар арасында ресми таксилерді ажыратуға мүмкіндік береді», – делінген басқарма таратқан хабарламада.
Сонымен бірге, алдағы уақытта қаладағы такси көліктері газға көшіріледі.
Бүгінгі күні 150 көлікке газбалондық құрал орнатылды. 2018 жылы шамамен 500 такси автомобильдерін газға ауыстыру жоспарлануда.
Сабина Сайлаубай