Қазақстанда 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын жалғастырады. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында айтылды.
Кинотеатр жұмысы қалада эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болғанда және залдың 30% толығуымен ғана жұмыс жасайды.
Бұдан бөлек, отырыста 2020 жылғы 19 қазаннан бастап елдегі көптеген өңірлік зертханаларда ПТР-тест құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілгенін және 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда үйлері және жабық базарлар жұмыс істейтінін хабарланды.