Жаңа норма 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайдыkazaknews.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, өзгеріс қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жақсарту мақсатында жасалып жатыр. Сондықтан, газға қайта жабдықталған көлік құралдарының жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынуда. Өйткені, көлікке газ орнату әрдайым сәтті бола бермейді.
Өзгеріс газ баллонды жабдығы бар автомобильдерге арнайы белгіні міндетті түрде орналастыруды енгізеді. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуға тиіс. Жаңа нормалар сонымен қатар газбен жүретін көліктерді жабық тұрақ аймақтарында тұраққа қоюды тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал етеді.